Business / 10 feb, 2023
Астана қ. Әнет баба 11/3 4 қабат
Астана қ. Әнет баба 11/3 4 қабат
/ 18 февраля 2025
Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрығына сәйкес спорт секцияларының жұмыс істеу тәртібін қатаң сақтау қажеттігі туралы мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысатын барлық өнім берушілердің назарына жеткізеді, оған мыналар кіреді:
1)сабақтарды өткізуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар;
2) балаларды қабылдау, есепке алу және дамыту.
Оның ішінде, осы ақпаратты өзінің барлық қызметкерлерінің (жаттықтырушылардың, әкімшілік және техникалық персоналдың) назарына жеткізу және осы бөлімде тиісті бақылауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, барлық сабақтар Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестік аясында өткізілуі керек.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бөлігінде қандай да бір бұзушылықтар жіберілген жағдайда Сізге Дирекция тарапынан да, уәкілетті органдар тарапынан да тиісті ден қою шаралары қолданылатын болады.