НАЗАР АУДАРУДЫ СҰРАЙМЫЗ — Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ
kz ru

Жұмыс уақыты: Дс - Жм: 09:00 - 18:00

НАЗАР АУДАРУДЫ СҰРАЙМЫЗ

/ 10 апреля 2025

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығына сәйкес,

НАЗАР АУДАРУДЫ СҰРАЙМЫЗ

1.Өнім беруші операторға мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы электрондық есепті (бұдан әрі – электрондық есеп) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жібереді. Оператор өнім беруші электрондық есепті ұсынғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.

2.Оператор электрондық есепті мақұлдағаннан кейін өнім беруші электрондық шот-фактуралар мен көрсетілген қызметтердің актісін ұсынады.

Оператор қаржы саласындағы уәкілетті органның қазынашылығының ақпараттық жүйесі арқылы төлемдерді жіберуді жүзеге асырады:

1)осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттарды уақтылы ұсынған өнім берушілерге есепті айдан кейінгі айдың 18-күніне дейін;

2)құжаттарды белгіленген мерзімнен кешіктіріп ұсынған өнім берушілерге есепті кезеңнен кейінгі 30-шы күнге дейін;

3)оператор пысықтауға қайтармаған құжаттарды уақтылы ұсынған өнім берушілерге сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде.

Өтініш қалдыру

kz ru