Дирекция туралы — Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ
kz ru

Жұмыс уақыты: Дс - Жм: 09:00 - 18:00

Кіріспе

2021 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді, бұл жергілікті атқарушы органдарға ресурстарды неғұрлым икемді басқаруға және халықтың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік берді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаны іске асыру үшін платформаны таңдау өкілеттігі жергілікті органдарға берілді, бұл тапсырмалардың тиімділігін арттыруға ықпал етті. 2023 жылдың мамыр айында мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру «Damubala.kz.»жаңа платформасына көшірілді. 2024 жылғы 1 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі — Дирекция) құру осы саладағы басқаруды жақсартуға жасалған маңызды қадам болды.

 

Негізгі мақсаттары:

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік спорттық тапсырысты электрондық және жалпыға қолжетімді форматта орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Астана қаласында мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

2) спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3) өнім берушілердің мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде бөлінетін бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін тәсілдермен бақылауды жүзеге асыру және мониторинг жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік спорттық тапсырысты алу шарты болып табылатын талаптарды орындау;

4) мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

5) мемлекеттік спорттық тапсырысты одан әрі іске асыру кезінде оларды уақтылы жою және оларға жол бермеу үшін белгіленген талаптарға сәйкессіздіктерді анықтау;

6) өнім берушілердің мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін ұсынуына байланысты есептік және өзге де процестерді цифрландыруды жүзеге асыру, мұндай процестерді, оның ішінде бірыңғай регламенттерді, құжаттама нысандарын, шарттарды, әдістемелерді, есептілікті, стандарттарды және уақтылы және объективті ақпарат алу үшін пайдаланылатын құралдарды енгізу жолымен ретке келтіру.

 

Штат

Дирекция мемлекет қаржыландыратын спорттық тапсырысты жүзеге асыруға жауапты негізгі мекеме болып табылады. 32 штаттық бірлікті құрайтын қызметкерлердің белгіленген саны бар.

 

Ваучерлер мен үйірмелер бойынша статистика

Бүгінгі таңда қалада спорттық бағыттардың 31 түрі бойынша 1089 секция жұмыс істейді, ол қызметтерді 232 белсенді өнім беруші көрсетеді.

— Ваучерлердің саны -26000;

-Мұрағатталған ваучерлер-19109.

 

Ваучерлерді беру

9 айда кезек бес рет ашылды.

31.01.2024 жылы 1680 ваучерге кезек ашылды.

18.04.2024 жылы кезек 2324 балаға көтерілді.

14.06.2024 жылы кезек 1474 балаға көтерілді.

16.08.2024 жылы кезек 1700 балаға көтерілді.

20.09.2024 жылы кезек 1437 балаға көтерілді.

 

2024 жылы берілген ваучерлердің жалпы саны- 8615.

Ең танымал секциялар-Шахмат : 254 секция 8781 ваучер, Дзюдо: 113 секция 2616 ваучер, Каратэ: 98 секция 1667 ваучер, Бокс: 93 секция 1527 ваучер, Футбол: 76 секция 2573 ваучер, Көркем гимнастика: 54 секция 2122 ваучер.

 

Мониторинг және бақылау

Дирекция ағымдағы жылдың 28 қазанынан бастап бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған елеулі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Қорытынды

Астана қаласында мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру балалардың спорттық әлеуетін қолдау және дамыту саласында оң динамика мен елеулі жетістіктерді көрсетеді. Белсенді ваучерлер мен сұранысқа ие үйірмелер санының артуы балалар арасындағы спортқа деген қызығушылықты көрсетеді. Алда жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр, олардың орындалуы дені сау ұрпақ пен елорданың өмірін одан да бай әрі алуан түрлі етуге мүмкіндік береді.

Өтініш қалдыру

kz ru